ҚР Президенті Кубогының ашылу рәсімі өтті

ҚР Президенті Кубогының ашылу рәсімі өтті

23 тамыз 2019, 20:50
 «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнирінің ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының ашылу салтанатына футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындары шақырылды.

Шараға Армения, Литва, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның екі командасының ойыншылары толықтай қатысты.

Ашылу рәсімінің мәртебелі меймандары арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Президентінің кеңесшісі Бақытжан Ордабав пен Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов болды.

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Сауда орталығына жиналған жанкүйерлерге арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. «Наз» бишілер тобы мен қазақстандық эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар әртүрлі байқаулар өткізіп, жанкүйерлерге сый-сияпаттар таратты.

Турнир 24 тамыз күні басталады.

Бөлісу
Жоғары