Тәжікстан құрамасы Арменияны жеңді

Тәжікстан құрамасы Арменияны жеңді

25 тамыз, 14:58
Президент Кубогының екінші ойын күнінің алғашқы матчында Тәжікстан мен Армения жасөспірімдер құрамалары кездесті.

Кездесуде Армения футболшылары есеп ашқан болатын. Екінші таймның басында шабуылшы Артур Серобян көзге түсті. Алайда, Тәжікстан құрамасының ойынға тыңнан қосылған футболшылары Сунатулло Азизов мен Муджовид Шовайсудинов бір-бірден гол соқты. Қорытынды есеп - 2:1. Тәжік футболшылары ойынның соңында қарсыласынан жеңісті жұлып алды. 

Матчтың үздік ойыншысы атағы Тәжікстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айни Алижониге берілді. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.

 

Тәжікстан - Армения - 2:1 (0:0)

Голдар: Сунатулло Азизов 83, Муджовид Шовайсудинов 90+1 - Артур Серобян 47;

Ескерту: Абдуфаттохи Худойдодзода 21 - Эрик Симонян 19, Саргис Саакян 31, Айк Ованнисян 85;

Алаңнан қуылған ойыншы: Эрик Симонян 90+5;

Тәжікстан: Сафармад Гафоров, Рахматшо Рахмадзода, Иноятулло Шахриер (Фахреддин Ахматов 86), Абдурауф Мехрубони, Хукмеддин Шомуродов, Айни Алижони, Аббас Андалибов, Хусрав Тоиров, Кабир Салимшоев (Муджовид Шовайсудинов 64), Абдуфаттохи Худойдодзода (Сунатулло Азизов 64), Мухаммадворис Сайдалиев;

Армения: Рафаэл Манасян, Степа Мкртчян, Гор Аракелян, Эдгар Тамазян (Айк Ованнисян 66), Спартак Айрапетян (Микаэл Асланян 56), Эрик Симонян, Самвел Акопян (Левон Варданян 46), Саргис Саакян (Айк Речелян 81), Карен Оганесян (Карен Галстян 62), Артур Серобян, Юрий Колозян (Тигран Саргсян 73);

Төрешілер: Нұрлан Ақынжанов, Самат Жарылқасынов, Алексей Долгих, Әлішер Мыңбаев (барлығы - Қазақстан);

25.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі. 150 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары