Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінде Сан-Мариноны жеңді

Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінде Сан-Мариноны жеңді

17 қараша 2023, 23:20
Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінде тоғызыншы ойынын өткізді. Ойын «Астана-Арена» стадионында өтті.

Бірінші таймда Ислам Чесноков соққан голдың арқасында Қазақстан алға шықты.

Үзілістен кейін қазақстандықтар Чесноков алыстан дәл соққы жасап есепті еселеді, ал кездесудің 60-минутында Сан-Марино есеп айырмасын қысқартты. Ойынның 90+2 минутында Абат Айымбетов пенальтиді сәтті орындап қорытынды 3:1 есебін тіркеді. 

9 турдан кейін H тобында Қазақстан құрамасының қоржынында 18 ұпай. Ұлттық құрама Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын 20-қарашадан 21-не қараған түні Словения командасына қарсы өткізеді.

Қазақстан – Сан-Марино – 3:1 (1:0)

Голдар: Чесноков 19, Чесноков 51, Айымбетов (пенальти) 90+2 – Франчиози 60;

Ескертулер: Кеңесов 63, Ерланов 88 – Муларони 50, Фаббри 79, Панкотти 90+1;

Қазақстан: Шацкий, Қайыров (Скворцов 54), Малый, Марочкин, Быстров (Ерланов 54), Досмағамбетов (Вороговский 61), Чесноков, Бейсебеков, Зуев (Тапалов 74), Оразов (Кеңесов 54), Айымбетов;

Сан-Марино: Бенедеттини, Батистини, Фаббри, Ди Майо (Франкиози 46), Росси, Тоси, Голинуччи (Капиккиони 90+4), Капиккиони, Муларони (Лунадеи 90+4), Лаццари (Панкотти 77), Нанни (Витайоли 27); 

Төрешілер: Лехнер, Хайденрейх, Пихлер (барлығы – Аустрия).

17.11.2023. Қазақстан, Астана, «Астана-Арена».

Бөлісу
Жоғары