Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияда алғашқы жаттығу жұмысын өткізді

Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияда алғашқы жаттығу жұмысын өткізді

29 мамыр 2024, 21:00
Арменияда өтіп жатқан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттығуынан фоторепортаж.

Қазақстан құрамасы капитаны Юлия Мясникова жарақатына байланысты Еуро-2025 іріктеу кезеңіндегі Арменияға қарсы өтетін екі ойынға қатыспайды.

Біздің құрама алғашқы ойынын 31 мамырда Арменияға қарсы өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген құрамамымен мына СІЛТЕМЕ бойынша таныса аласыздар.

Футболдан Қазақстан W құрамасының ойындар күнтізбесі:

31.05.2024

Армения W – Қазақстан W 

Армавир стадионы, Армения

4.06.2024

Қазақстан W ​​​​​ – Армения W

Орталық стадион, Алматы

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу
Жоғары