ҚФФ президенті құрамамыздың жартылай финалға шыққанымен құттықтады

ҚФФ президенті құрамамыздың жартылай финалға шыққанымен құттықтады

28 September 2021, 01:14
Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. 

"Қазақстан құрамасы футзал әлемінде үздіктердің бірі екенін дәлелдеді. Еуропа чемпионатының үздік төрттігіне кірген командамыз енді жер жаһанда таңдаулы 4 команданың тізіміне еніп отыр. Күллі Қазақстан жанкүйерлерін және ойыншыларды осы бір жеңіспен құттықтаймын! Бұл команданың, алаңға шыққан қайсар жігіттердің, оның сыртында еңбек етіп жүрген мамандардың ортақ жеңісі. Иран секілді атақты командадан жеңіліп жатып жігер көрсеткен жігіттеріміздің ел абыройы сынға түскен шақта бар күшін салуы бұл елдік рухтың, ұлттық ерекшеліктің арқасы. Алға Қазақстан!", – деді ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков.

Share
Up