Игита: «Қазақстан бір сәтке тоқтап қалғандай болды»

Игита: «Қазақстан бір сәтке тоқтап қалғандай болды»

30 September 2021, 15:46
FIFA.com сайтына берген сұхбатында Лео Игита Қазақстанның жартылай финалға шыққанын әсерлеп, Оразов, Тұрсағұлов және «әлемнің үздік ойыншысы» Дуглас Жуниор туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар, Португалия мен Рикардиньоны талқылап, өзінің ойынын қызы қарайтыныны туралы да айтты. 

Дүйсенбі күні түнде теңізге шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі мемлекет бір сәтке тоқтап қалды. Бұл жолы бокстың мегажұлдызы Геннадий Головкин қолғабын киген жоқ.

Бұл күні қолғапсыз қатты соққыларды қайтаратын Лео Игита басты қаһарманға айналды. Оның қолының арқасында Қазақстан құрамасы футбол мен футзалдан тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ширек финалдың шешуші ойыны алдында барша қазақ халқы теледидар алдына жиналды. Әсіресе, екінші таймның ортасында «сен мұны көруің керек» деген қоңыраулар елге таралды. 

Қазақстан құрамасы Иранды тоғызыншы кездесуінде жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Соңғы алты жылда бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанған Игита сенсацияға толы сейвтердің сериясын жасады. 

35 жастағы ойыншы FIFA.com-ге берген сұхбатында жеңісті қалай тойлағанын, Португалиямен ойын туралы, Рикардиньоға айтар алғысын, «әлемнің үздік ойыншысы» Дуглас Жуниор мен нөмірі бірінші жанкүйері туралы айтып берді.

- Әлем чемпионатының жартылай финалына шықтыңыз, қандай сезімдесіз?

- Менің эмоциямды сөзбен жеткізу қиын. 35 жасқа келіп, мұндай эмоцияны бұрын көрмедім. Қазақстан әлемнің үздік төрттігінің қатарында! Біздің айналымызда алыптар! Бразилия, Аргентина, Португалия және Қазақстан! Қайталап тыңдай бергім келеді.

- Иранға қарсы Дугластың ойыны туралы не ойлайсыз? 

- Ол - нағыз «Темір адам». Ол алаңнан кетпейді. 30 секунд ғана демалып, сол энергиясымен алаңға қайта оралады. Ол - біздің команданың жүрегі. Дугластың ойыны жүрмесе, шаруа көбейе түседі. Ең жауапты сәттерде «Темір адам» пайда болады. Мен үшін әлемнің ең үздік ойыншысы екені сөзсіз. Жаңа «темір адам» табу мүмкін емес. Ол голды сала береді. Доптан айырылмайды. Оны айналып өту мүмкін емес. Бұрыштамадан допты қиыстырып береді. Дүркіндетіп тебеді. Алтын допты алатын ойыншы. 

- Ойыннан соң киім ауыстыратын бөлмеде марапат қалай өтті

- Әлем чемпионы болғандай тойладық. Әрине, чемпион болмағанымызды білеміз. Алайда, Қазақстан жартылай финалға шықты дегенге сене аласыз ба? Нағыз экстаз. Келесі күні оянып Твиттерде Мемлекет басшысының құттықтаған хабарламасын көріп, сенсация жасағанымызды жазғанын оқып таңғалдым. Президент біз туралы айтып жатыр. Мен бақыттымын. Мәдениет және спорт министрі Қазақстан футбол федерациясына құттықтау хат жолдады. Біздің қуанышымызды бөлісті. Қазақстанда бұл күні тек біз туралы айтылды. Футзал Қазақстанда кең танымал, осы уақытқа дейін футзал қарамаған жандарда да біздің ойынды қарау үшін бір сәтке тоқтады. Әлем чемпионатының жартылай финалында Португалиямен ойнаймыз. Футзал көрмеген тағы да бірнеше жан біздің ойынды көруге ұмтылары анық. Бұның біз үшін қаншалықты маңызды екенін сөзбен жеткізе алмаймын.  

- Саған, Дуглас және Тайнанға көп мақтау айтылды. Алайда, әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасының қатарында қазақ ойыншыларының еңбегін елеусіз  қалдырмай, айтып өттіңіз.

- Біржан Оразов - ат, машина! Ол үшін мінсіз әлем чемпионаты болып жатыр. Ол барлық жағынан тамаша ойнайды. Дәурен Тұрсағұлов біздің басты ойыншымыз. Турнирде ерекше көзге түсіп, көп гол соқты. Сұрмерген. Өте талантты әрі мықты ойыншы. Оразовтың ойынынан есің кетеді. Көп уақыт ойнайды және нағыз көшбасшы. 

- Португалия туралы не ойлайсыз?

- Соңғы алты жылда Португалия әлем футзалының ең басты күші атанды. Олар Еуропа чемпионатын ұтып, әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Міне, енді тағы да жартылай финалда жүр. Үлкен клубтарда ойнайтын керемет ойыншылары бар. Әлем чемпионатының жартылай финалының ойындары әртүрлі. Олар мұндай ойынға үйренген. Командалық ойынды алға қояды. Олар әлем чемпионы атағына үміткерлердің бірі болып келді. Біз үшін үлкен сынақ болары анық.  

- Рикардиньо туралы не ойлайсыз?

- Румынияда өткен матчта оған қарсы қалай ойнағаным әлі де есімде. Алаңның сапасы нашар еді. Рикардиньодан басқалардың барлығы сүрініп, шалынып жүрді. Ол барлығын алдап өтті. Теңдесі жоқ ойыншы. Фалькао сияқты. Шешуші сәттерде жол табады. Футзал ойыншылары Рикардиньо алдында қарыздар. Рикардиньо және Фалькао сияқты ойыншылар біздің спорттың тұлғасы. Көптеген жандардың спорттың осы түріне назарын аудартып, биікке көтерді. Сол үшін айтар алғысым зор. 

- Қазақстан құрамасы Литвадағы әлем чемпионатын жеңе ала ма?

- Күмән келтірмеймін. Бразилия, Аргентина және Португалия - фавориттер, бізге де керегі сол. Оларға қысым арта түседі. Біз әлемнің кез келген командасына қарсы тұра аламыз. Бірнеше жыл бұрын мұның барлығын дәлелдедік. Қазақстанның дәл қазіргі құрамы - ең мықты құрам. Бізге ең алдымен Португалияны жеңу керек. Ойын деңгейі тең өтеді деп ойлаймын. 

- Сіздің нөмірі бірінші жанкүйеріңіз бұл ойынды қарайды...

- (күледі) Кларинья өте көңілді. Ол ойынды аздап түсіне бастады, қате жіберсем болды, қай ойыншының айыпты екенін айтады. Әкемнің кінәсі жоқ дейді (күледі). Бұл маған ұнайды. Менің ойындарыма Клариньяның комментатор болғанын қалаймын (күледі). Қызым мен әйелімді сағындым. Жандарында екі ай болмадым. Өте қиын, алайда менің алдыма үлкен міндет қойылған. Сол себепті олар мені үнемі қолдайды. Құдай қаласа, жеңімпаздың жүлдесін тағып, 5 қазан күні оларды көремін деп үміттенемін.

Дереккөз: FIFA.com

Share
Up