Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны (ВИДЕО)

Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны (ВИДЕО)

08 November 2021, 00:14
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады.

Біздің футболшылар 12 қараша күні сырт алаңда Еуропа Чемпионатының іріктеу матчын өткізеді. Қарсылас – Шотландия жастары. 

Аға бапкер Қайрат Нұрдәулетов бірнеше күн бұрын жиынға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялаған еді. Өкінішке қарай, сол тізімнен қорғаушы Сағи Совет жарақатына байланысты шығып қалды.

Ал «Астана» мен «Қайрат» сапында ойнайтын жастар құрамасының алты футболшысы команданың қатарына ертең қосылады. 

Share
Up