Қасымжан Мәдиев - 70 жаста!

Қасымжан Мәдиев - 70 жаста!

30 November 2021, 13:02
Бүгін ардагер футболшы, танымал бапкер, бұрынғы төреші Қасымжан Мәдиев 70 жасқа толып отыр.

Қасымжан Баянжанұлы Теміртаудың «Болаты», Атыраудың «Прикаспиец» және Талдықорғанның «Жетісу» командаларында ойнаған. Футболшы мансабын аяқтап, кейін ел чемпионатының ойындарының төрешісі болып қызмет атқарды. 

Әрі қарай футзалдан Қазақстанның алғашқы бапкерлерінің бірі болды. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері болып Азия чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды. Сонымен қатар, 2000 жылы Гватемалада өткен Әлем чемпионатына шығарды. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Қасымжан Мәдиев жаттықтырған «Әліби» командасы УЕФА Кубогына қатысқан алғашқы команда атанды. 

Бүгінде мерейтой иесі Қазақстанның Премьер-лига және Бірінші лига ойындарының инспекторы. 

Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Қасымжан Мәдиевтің мерейтойлы 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық тілейді! 
 

Share
Up