Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті футбол жаттықтырушыларын дайындайды

Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті футбол жаттықтырушыларын дайындайды

26 маусым 2018, 12:09
Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде жаңа футбол мамандықтарын оқытпақ.

Қазақстан футбол федерациясы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірігіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен футбол жаттықтырушысы мамандығын дайындау бойынша білім беру бағдарламасын іске қосты.

Әлеуметтік ғылым факультетінің Дене шынықтыру және спорт кафедрасы 2018-2019 оқу жылдарына арналған «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы аясында «Футбол жаттықтырушысы» мамандығын ашты. Негізгі мақсаты – кәсіби біліктілігі жоғары футбол жаттықтырушыларын және футбол саласының мамандарын дайындау.

«Футбол жаттықтырушысы» мамандығына кез келген талапкер түсе алады. Оқу аяқталғаннан кейін УЕФА-ның «С» категориясы мен «Дене шынықтыру және спорт, футбол жаттықтырушысы» мамандығын ала алады. Осы мамандық  арқылы 6-12 жас аралығында Қазақстан Республикасы мен Еуропа аумағындағы кез келген футбол құрылымдарында жұмыс істеуге болады.

Бастама 2018-2022 жылдарға арналған футбол дамыту стратегиясының шеберінде жүзеге асырылып отыр. Қазақстан футбол федерациясының басты міндеттерінің бірі – «1-11 сыныптарға арналған футбол сабағы» жобасын дамытуды жалғастыру және Қазақстанда футбол саласының мамандарының білімін көтеру.

 

Бөлісу
Жоғары