Жағажай футболынан Қазақстан Чемпионаты басталды
Чемпионаттың алғашқы ойынында «Қапшағай» мен «ДЮСШ №7» командалары кездесті. Матч алдында «Жағажай спорты түрлерінен спорт орталығының» ашылу салтанаты өтті.
Шараға Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков, Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, әйелдер және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, сонымен қатар, ойын спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің арнайы спорт мектебінің жетекшілері қатысты.
Жағажай футболынан чемпионатқа төрт команда қатысады. Олар - «Арман» (Павлодар), «ДЮСШ №7» (Шымкент), «Қапшағай» (Алматы облысы) және «СК Аэропорт» (Алматы).
Үш ойында жеңіске жеткен павлодарлық «Арман» турнир кестесінде көш бастады. Екінші орынға алты ұпай жинаған «Қапшағай» орналасты. Үшінші орында - «ДЮСШ №7». Турнир кестесінің соңында - «СК Аэропорт».
Жоғарыда аталған орталықта жағажай футболынан ересектер мен жастар командасын құру жоспарда бар.