ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ
13 маусым 2018, 09:14
Күн тәртібінде Қазақстан футбол федерациясы Техникалық орталығының жаңа құрылымы таныстырылып, оның қызметі талқыланды.
Жиында аймақтық жаттықтырушылардың үйлестірушісі Павел Родненоктің есебі тыңдалды. Аймақтық жаттықтырушы Евгений Булгаков еліміздегі футбол орталықтарындағы тәрбиеленушілерді оқыту бағдарламасымен таныстырды.
Талқылаудың қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясының 2018-2022 жылдарға арналған стратегиясының аясында балалар мен жасөспірімдер футболыг дамыту концепциясына толықтырулар енгізу жөнінде шешім қабылданды.
Шараға Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының кеңесшісі, УЕФА-ның жаттықтырушыларға білім беру комиссиясының мүшесі және УЕФА Техникалық бақылаушысы молдовалық Геннадий Скуртул қатысты.
Жаңалықтар
06 мау., 11:42
05 мау., 22:20
05 мау., 22:20
05 мау., 08:11