ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫ КОМИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫ КОМИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

15 маусым 2018, 10:25
Қазақстан футбол федерациясының Футзал және жағажай футболы комитетінің алғашқы жұмыс жиыны онлайн-конференция түрінде өтті.

Жиынға комитет төрағасы, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Қайрат Оразбеков, төрағаның орынбасары Ерлан Жамантаев, комитет мүшелері Лев Ким, Асқар Әбілдаев, Қайрат Қазбеков қатысты. Сонымен қатар, шараға Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов шақырылды.

Басқосуда Қазақстан футзал қауымдастығын Астанаға көшіру мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар, футзалдан Қазақстан Ұлттық құрама командаларының халықаралық турнирлерге қатысуы, Қазақстан Чемпионаты мен Кубогын өткізу шарттары, «Қайрат» (Алматы) және «Ақтөбе» (Ақтөбе) клубтарының 2018/2019 жылғы Чемпиондар Лигасына қатысуы талқыланды.

Комитет төрағасы Қайрат Оразбеков кәсіпқой жағажай футболын дамыту бойынша міндеттерге жауапты ретінде Ерлан Жамантаевты тағайындады. Жиын қорытындысы бойынша комитет отырысы ай сайын өтетін болды.
 

Бөлісу
Жоғары