ОТАНДЫҚ ТӨРЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ СЕМИНАР АЯҚТАЛДЫ

ОТАНДЫҚ ТӨРЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРАЛЫҚ СЕМИНАР АЯҚТАЛДЫ

14 маусым 2018, 12:28
Қазақстан футбол федерациясыныің Төрешілер комитеті мен Төрелік ету және қадағалау департаменті Астанада қазақстандық төрешілерге арналған семинар ұйымдастырды.

Елордаға футболдан Қазақстан Чемпионаты, Кубогы және Біріншілігінде қызмет атқаратын 27 төреші шақырылды.

Семинардың мақсаты – барлық деңгейдегі жарыстарда төрешілерге Ойын ережесін бірдей жеткізу, теория, әдістеме және төрешілердің тәжірибесі саласында білімдерін жетілдіру, сонымен қатар, физикалық дайындық бойынша бақылау нормативтерін тапсыру. Төрешілердің қателігін азайту мақсатында ел чемпионаты мен біріншіліктерінің өткен турларындағы ойындарында қабылданған қиын әрі шешуші шешімдерге байланысты талқылау жұмыстары жүргізілді.

Екі күнге созылған жиында тәлімгер-нұсқаушылар Павел Салий, Александр Горда, Александр Перемитин, Игорь Хисамутдинов дәріс оқыды. Олардың барлығы «Айып алаңындағы шешуші сәт», «Симуляция», «Ойыннан тыс қалу: төрешілер мен көмекшілердің өзара байланысы», «Қолмен ойнау», «Пәрменді шабуылды үзу / қарсыластың гол соғатын мүмкіндігінен айыру», «Дөрекі ойын мен спорт тәртібіне жат әрекет» және тағы да басқа тақырыптар бойынша арнайы баяндамалар жасады. Сонымен қатар, аталған тақырыптар бойынша УЕФА-ның оқу материалдары ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша оқу материалдары барлық деңгейдегі төрешілердің жұмыстарын жақсарту мақсатында аймақтық төрешілер комитетіне жіберіле
 

Бөлісу
Жоғары