УЕФА ДЕЛЕГАТЫ ҚОСТАНАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНЫН ТЕКСЕРДІ

УЕФА ДЕЛЕГАТЫ ҚОСТАНАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНЫН ТЕКСЕРДІ

28 мамыр 2018, 15:48
28 мамыр күні «Тобыл» футбол клубының негізгі стадионының 2018/19 жылғы еуропалық клубтық жарыстарының ойындарын қабылдауға дайындығы тексерілді.

Стадионды УЕФА-ның арнайы өкілі, ағылшын Марк Блэкберри қадағалады. Спорттық нысанды тексеру жұмыстарына Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та қатысты.

Марк Блэкберри Орталық стадионның УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу турнирінің ойындарын қабылдауға жарамды екенін мәлімдеді. Алайда, УЕФА делегатының қорытынды шешімі кейін жарияланады.

УЕФА инспекторы қайта жаңартылған Орталық стадионның инфрақұрылымына оң баға бере отыра, бірқатар ескертулер де жасады.

Бөлісу
Жоғары