Астана күніне арналған мерекелік медальмен Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы директоры марапатталды

Астана күніне арналған мерекелік медальмен Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы директоры марапатталды

05 шілде 2018, 19:00
Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы директоры Әміржан Түсіпбековке «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы директоры Әміржан Нұрышұлы Түсіпбеков елорданың дамуына қосқан үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 

Қазақстан футбол федерациясы Әміржан Түсіпбековті марапатымен құттықтап, отандық футболды дамытуда жемісті еңбек тілейді.

 

Бөлісу
Жоғары