Федерация мен Лига ұжымы еурокубок маусымына қатысатын отандық клубтарды бұқралық жүгіру арқылы қолдады
Бұқаралық шара елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті. 2,5 шақырымға жүгіргендердің арасында Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев, Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылары Станимир Стоилов, Цанко Цветанов, Саид Ибраимов және т.б болды.
- Бүгінгі шара елорданың мерейтойына арналды. Сонымен қатар, Еуропада ел намысын қорғайтын отандық клубтарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Кеше қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда грузиялық клубты жеңіп, жанкүйерлерді қуантып тастады. Қалған командалар да табысқа жетеді деп үміттенемін, - деді Азамат Айтқожин.
Қазақстан құрамасының экс-капитаны, ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына кіретін Қайрат Нұрдәулетов те шараның маңыздылығына тоқталды.
- Астана мерейтойлы жиырма жылдығында барша халықты жаңа жеңістерімен қуантады деп ойлаймын. Бүгін Черногория чемпионына қарсы маңызды ойын күтіп тұр. Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ұжымы ойыншыларды осындай шара арқылы қолдауды жөн деп шешті, - дейді Қайрат Нұрдәулетов.