Қазақстан қыздар құрамасы - U17 Бішкекте өтетін халықаралық жарысқа қатысады

Қазақстан қыздар құрамасы - U17 Бішкекте өтетін халықаралық жарысқа қатысады

12 шілде 2018, 15:32
Шілде айының екінші жартысында Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте «Үміт» халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы қатысады.

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы көршілес Қырғыз елінде өтетін «Үміт» халықаралық турниріне шақырту алды. Турнир 2018 жылдың 17-22 шілде аралығында Бішкек қаласындағы Долон Өмірзақов атындағы стадионда өтеді. Біздің құраманың қарсыластары Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстан болмақ. 

Қазақстандық футболшылар Талғардағы ұлттық құраманың базасында 14 шілде күні жиналады. 

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылар:

Қақпашылар: Аружан Оразбекова (Астана), Әйгерім Түймебаева (Шымкент);

Қорғаушылар: Ясмина Мұқашова, Дилназ Жәкішева, Гүльмира Ташмет (барлығы - Астана), Александра Бурова, Алена Иванова, Фаиза Исмаилова (барлығы - Шымкент), Гүлім Кенжетай (Алматы);

Жартылай қорғаушылар: Елдана Әйтіимбетова, Айя Шолақова, Алина Шалмұқанбетова (барлығы - Астана), Сабина Махаматова (Шымкент), Жансая Көпжанова (Қызылорда);

Шабуылшылар: Лейла Садықова (Ақтөбе), Татьяна Герасимова (Ақтау).

Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушыАбдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Гүлнар Тұқтыбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары