Тәжікстан U-17 құрамасы – Астана әкімі кубогының иегері

Тәжікстан U-17 құрамасы – Астана әкімі кубогының иегері

14 шілде 2018, 23:26
9-13 шілде аралығында елорданың Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда футболдан халықаралық «Астана әкімінің кубогы» турнирі ұйымдастырылды.

Астана қалалық футбол федерациясы ұйымдастырған жарысты Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы қолдады. Турнирге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан елдерінен 8 команда қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, олимпиадалық резервті дайындау орталығының директоры Самат Қабдоллин және Астана қалалық футбол федерациясының вице-президенті Ахмад Амиров қатысты.

«Астана әкімінің кубогы» турнирі қорытындысы:

1. Тәжікстан құрамасы U-17

2. «Шахтер» U-17 (Қарағанды)

3. Қырғыз Республикасы құрамасы U-17

4. «СДЮСШОР №8» (Астана)

5. «Астана» U-17 (Астана)

6. «Ертіс-Д» (Тобольск, Ресей)

7. «Ертіс» U-17 (Павлодар)

8. «Қызыл-Жар СК» U-17 (Петропавл)

 

Турнирдің үздік ойыншылары:

Үздік қақпашы - Евгений Красин («Ертіс-Д», Тобольск)

Үздік қорғаушы - Руслан Омар («СДЮСШОР №8»)

Үздік жартылай қорғаушы - Данил Артюков (Қырғыз Республикасы U-17)

Үздік шабуылшы - Иван Свиридов («Шахтер»)

Үздік сұрмерген - Нидоёр Забиров (Тәжікстан U-17)

Үздік ойыншы - Ислом Зоиров (Тәжікстан U-17).

Бөлісу
Жоғары