«Ақтөбе» футбол клубы «Президенттік жүгіру» бұқаралық шарасына қатысты
16 шілде 2018, 20:41
Шара №8 облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінің алаңында өтті. Президенттік жүгіруге «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақов, клуб әкімшілігі, футбол орталығының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері қатысты.
- «Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының бастамасын қолдады. Барша қазақстандықтарды елорданың 20 жылдығымен құттықтаймыз! Еуропа ареналарында ел намысын қорғайтын отандық клубтарға жеңіс тілейміз! Эстафетаны талдықорғандық «Жетісу» футбол клубына табыстаймыз! Алға, Qazaqstan! Алға, футбол! – деді Самат Смақов.
Жаңалықтар
16 шіл., 11:52
15 шіл., 13:09
14 шіл., 23:26
14 шіл., 19:52