Нұрмұстафина мен Алистратова Чемпиондар Лигасының ойындарына тағайындалды

Нұрмұстафина мен Алистратова Чемпиондар Лигасының ойындарына тағайындалды

06 тамыз 2018, 11:50
Қазақстандық төрешілер Эльвира Нұрмұстафина (Қарағанды) мен Елена Алистратова (Қостанай) әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасының үш ойынында төрелік етеді. 

Төрешілер Босния және Герцеговина елінде 7-13 тамыз аралығында үш кездесуде қазылық етеді: «Пярну» (Эстония) - «Новые Анены» (Молдова), «Влазния» (Албания) - «Пярну» (Эстония), «Сараево-2000» - «Пярну» (Эстония).

Екі ойында Нұрмұстафина бас төреші қызметін атқаратын болса, бір кездесуде қосалқы төреші міндетіне жуапа береді. Ал, Алистратова үш ойында да бас төрешінің қапталдағы көмекшісі болып еңбек етеді. 

Айта кетейік, Нұрмұстафина мен Алистратова сәуір мен шілде айларында 19 жасқа дейінгі 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының элиталық кезеңінің ойындарында қазылық еткен болатын. 
 

Бөлісу
Жоғары