Қазақстан футбол федерациясы «Астана» мен «Қайратқа» сәттілік тілейді!

Қазақстан футбол федерациясы «Астана» мен «Қайратқа» сәттілік тілейді!

07 тамыз 2018, 11:16
Бүгін кешке «Астана» футбол клубы Хорватияның «Динамо» командасымен алғашқы ойынын өткізеді, ал 9 тамыз күні алматылық «Қайрат» сырт алаңда Чехияның «Сигма» командасымен ойнайды.

Қазақстандағы барша футбол жанкүйерлері елордалық «Астана» ұжымына сәттілік тілейді. Хорватия құрамасы жақында аяқталған әлем чемпионатында үлкен жетісттіке жетіп, бұл елдің футболшылары ең жоғары деңгейде ойнай алатынын дәлелдей түсті. «Динамо» - мықты қарсылас, сол себепті ойын оңайға түспейді.

Алайда, «Астана» футбол клубы өз жанкүйерлерінің қолдауымен қарымта кездесуде алдында жақсы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады. «Астана» қатарында кездесу тағдырын шеше алатын шебер ойыншылар жиналған. Еурокубок ойындарының тәжірибесі бүгінгі кездесуде көмек болмақ.

Алматылық «Қайрат» футболшыларына да Еуропа Лигасының үшінші айналымында оңай қарсылас түспеді. Чехияның «Сигма» командасының жетістігі мен ойынын бағаламауға болмайды. «Қайрат» командасы қарсыластың қайсарлығын жақсы түсініп, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру үшін қадам басатыны анық.

Қазақстан футбол федерациясы «Астана» мен «Қайрат» футбол клубтарына сәттілік тілейді! Алға, Қазақстан!

 

 

Бөлісу
Жоғары