Қазақстан құрамасы U-19 Гранаткин мемориалына дайындықты бастады

Қазақстан құрамасы U-19 Гранаткин мемориалына дайындықты бастады

25 тамыз 2018, 11:54
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Оқу-жаттығу жиыны 21 тамыз күні басталды. Кеше футболшылар «Жас Қыран», «Еңбек», «Жастар» және СДЮШОР футбол орталықтарының тәрбиеленушілеріне шеберлік сағаттарын ұйымдастырды.  Бүгін Қазақстан құрамасы  ФШМ U-23 командасымен бақылау ойынын өткізеді.

Кеңейтілген тізімге 29 футболшы енді:

Қақпашылар: Владислав Саенко («Астана»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Совет Сағи, Жантөре Жұмаділов (екеуі де - «Астана»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»), Дәуренбек Жүсіпов (Академия «Оңтүстік»), Аслудин Хаджиев («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Вадим Афанасенко («ОСДЮШОР - Жас Ұлан»), Арман Кеңесов, Денис Красноперов (екеуі де - «Ертіс»), Федор Неумывакин, Арыстан Мұқашев, Андрей Ульшин (барлығы - «Қайрат»), Бекзат Құрманбекұлы («Байконур»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Лев Скворцов («Астана»), Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағнаев (барлығы - «Астана»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»);

Шабуылшылар: Аян Құлмаганбетов («Байқоңыр»), Максим Ваганов («Ордабасы»), Савелий Глазунов («Қайрат»), Дамир Марат («Рузаевка»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Кузнецов - аға жаттықтырушы, Игорь Маштаков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ғалилбай Ахметов - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Владимир Горячий - администратор, Дінмұхамед Оралов - менеджер.  

Қазақстан құрамасы U19 28 тамыз күні Санкт-Петербург қаласына жол тартады. Ол жақта жыл сайын өтетін Гранаткин Мемориалы турниріне қатысады. 

Бөлісу
Жоғары