Қазақстан U-19 құрамасы Түркияны ұтты
Александр Кузнецов шәкірттері «А» тобында ойнайды. Бұл жолы қарсылас Түркия жасөспірімдер құрамасы болды.
Кездесудің 33-минутында Түркия құрамасының қорғаушысы өз айып алаңында Максим Вагановты шалып құлатты. Қазақстан U19 құрамасының капитаны Дінмұхамед Қашкен пенальтиді мүлтіксіз орындады. Ойын соңына дейін осы есеп аяқталды.
Қазақстан U-19 құрамасы келесі ойынын 4 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласының құрамасымен өткізеді.
Түркия U-19 - Қазақстан U-19 - 0:1 (0:1)
Гол: Қашкен 33 - пенальти
Ескерту: Акгюн 17, Карнучу 36, Такырш 88 - Усачев 63, Қараман 78.
Түркия U-19: Езкан, Дживелек (Такырш 70), Бичер, Чакы, Карнучу, Гюль (к), С.Акгюн, Ю.Акгюн (Ташкен 61), Сечгин, Гермэс (Бекташ 46), Кол.
Резерв: Уруч, Гекиимен, Акюз, Айтун, Аййылдыз.
Қазақстан U-19: Устименко, Совет, Шәмши, Қашкен (к), Әйтім, Сағынаев, Жақыпбаев, Скворцов, Кеңесов (Қайыркенов 42), Усачев (Ульшин 65, Красноперов 79), Ваганов (Қараман 54, Глазунов 79).
Резерв: Саенко, Жұмаділов, Нұрсейітов.
Төрешілер: Егоров, Пелых, Шаламов.
01.09.2018. Санкт-Петербург. «Рощино Арена».