Бегайым Қырғызбаева: «Жаңа бапкермен шабуылда ойнай бастадық»

Бегайым Қырғызбаева: «Жаңа бапкермен шабуылда ойнай бастадық»

04 қыркүйек 2018, 01:55
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Бегайым Қырғызбаева матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистер сауалына жауап берді.

- Англия өте жақсы команда. Қорғаныста жинақы ойнап, алаңда бапкердің айтқанындай дұрыс орын алмастыру қажет. Ойынға қойылған талапты орындау міндет. Қарсыластың қақпасына гол соғу сәті болатыны анық. Сол сәтті мүлт жібермеуге тырысамыз.

- Англия құрамасының бас бапкері Қазақсан құрамасының Ресеймен өткізген соңғы ойыны Англиямен өткізген алғашқы кездесуінен әлдеқайда өзгергенін атап өтті. Қай жағына қарай өзгерді деп ойлайсыз?

- Бұл сауалды бас бапкерден сұраған дұрыс шығар. Рәзия Төлеуқызының келуімен шабуылда ойнай бастадық. Ресеймен өтетін ойында гол соғатын сәттер болды. Алайда, пайдалана алмадық. Есеп  3:3 болуы да мүмкін еді. Үш рет гол соғатын мүмкіндік болды.

- Сіз Шымкентте, Астанада және Алматыда ойнадыңыз. Бұл жолы әйелдер құрамасының ойынын Павлодар алғаш рет қабылдайды...

- Біздің құраманың Павлодарда ойнайтыны жақсы болды. Кеше промоакцияға қатысып, футболмен айналысатын қыздардың бар екенін білдік. Қатты таңғалдым. Еліміздің әр қаласында футбол ойнауды қалайтын қыздардың көп екенін білемін. Қыздар футболына қаржы бөлінбейді. Сол себепті ел чемпионатында кәсіби командалардың саны аз. 

Бөлісу
Жоғары