Кольдо Альварес: «Қазақстан - біздің топтағы ең мықты қарсылас»

Кольдо Альварес: «Қазақстан - біздің топтағы ең мықты қарсылас»

10 қыркүйек 2018, 00:18
Андорра ұлттық құрамасының бас бапкері Кольдо Альварес матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді.

- Қазақстанмен өтетін ойынға шығатын негізгі құрамда Латвиямен салыстырғанда өзгеріс бола ма?

- Матч алдындағы жаттығуыдан кейін белгілі болады.

- Қазақстан құрамасының Грузиядан жеңілгені туралы не ойлайсыз?

- Қазақстан құрамасы Грузиядан мықты деп санаймын. Ойын нәтижесі алдамшы. Қазақстан - біздің топтағы ең мықты қарсылас. Кәсіби футболшылары көп. Тактикасы дұрыс. Команда капитанын жеке атап өткім келеді. Өте мықты футболшы.

- Андорра құрамасы Венгрия және Беларусь елдерін жеңді. Қазақстан құрамасы бірінші орын алуды мақсат қояды. Андорраның жарыстағы мақсаты қандай?

- Ертең жақсы футбол көрсетуге ұмтыламыз. Латвиямен ойындағы жоспар арқылы жүреміз. Күшті құрама болғымыз келеді.

- Қазақстан құрамасының артықшылығы?

- Жылдамдық. Өте тез ойнайды.

Бөлісу
Жоғары