Қазақстан U-21 - Словения U-21 матчына норвегиялық төрешілер тағайындалды

Қазақстан U-21 - Словения U-21 матчына норвегиялық төрешілер тағайындалды

06 қыркүйек 2018, 09:05
7 қыркүйек Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Словения құрамасымен кездеседі.

Норвегиядан келген төрешілер тобы ойынға қазылық етеді. Бас төреші - Кай Эрик Стеен, көмекшілері - Ян-Эрик Энган, Йон-Михаэль Кнутсен, төртінші рефери - Кристоффер Хагенес.

Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы - 19:00. Ойынға кіру тегін. 

Бөлісу
Жоғары