Станимир Стоилов: «Біздің команданың жоғары деңгейде ойнайтынына сенімдімін»
— Станимир, ойынға бір күн қалды. Ертеңгі ойынға Сіздің командаңыз қандай дайындықпен шығады?
— Жаңа турнирге Қазақстан құрамасы жақсы көңіл-күймен келіп отыр. Ұлттар Лигасы нағыз мерекеге айналады деп ойлаймын. Біздің команданың жоғары деңгейде ойнайтынына сенімдімін. Алғашқы баспасөз мәслихатында айтқанымдай, команданың қазіргі мүмкіндіктері бұрынғыдан жоғарырақ. Соңғы үш ойынның нәтижесі алға қадам жасағанымызды көрсетеді. Осы деңгейді ұстап тұру қажет. Нәтижеге көңіл толмай жатса да, команданың жасыл алаңдағы тәртбірі мен шабуылдағы тұрақтылығы бір қалыпты болып қала бермек. Қазақстан құрамасы күшті ойын көрсете алады. Жанкүйерлер қолдайды деп үміттенеміз.
— Футболшылардың өз клубтарында ойын тәжірибесі маңызды екенін бірнеше рет айттыңыз. Ловгиненкодан бастап Зайнутдиновке дейін. Осы жағдайға қалай қарайсыз?
— Бұл мәселені білеміз. Мен бір рет ескертіп өттім. Шағым жасаудың қажеті жоқ. Ойын жүйесін үйлестіріп, екі жақты матчтар өткізуге бір апта уақыт болды. Логвиненко және басқа да футболшылардың нағыз бабында емес екенін білемін. Алайда, жасыл алаңға шыққан футболшылар кез келгені кәсібилігін дәлелдеп, жеңіске жету үшін барлық жақсы қасиеттерін көрсетуі тиіс. Жекелеген ойыншылардың мәселесі бар. Алайда, оны командалық әрекетпен шешуге болады. Бұл ерте ойлайтын сұрақтар.
— Федерация жетекшілігі команданың алдында қандай міндет қойды? Ертең қандай футбол ойнайсыздар?
— Федерацияның бас хатшысы Азамат Айтқожинмен бейресми түскі ас болды. Алға қойылған міндеттер бар. Оны барлығы біледі. Біздің топтың көшбасшысы – Грузия. Екінші – Латвия. Үшінші – Қазақстан. Менің бар ойым бірінші орынға таласу. Ең бастысы біздің ойыннан жанкүйерлердің ләззат алуы.
— Еркебұлан Сейдахметтің дайындығы қандай баға бересіз?
— Біреу ойынға жүз пайыз дайын. Екінші әлі толық бабында емес. Еркебұлан Сейдахмет ұлттық құрамада тәжірибе жинап жүр. «Уфа» сапында бір ғана толық матч өткізді. Сол себепті Еркшо толық дайын деп айта алмаймыз.