Владимир Вайсс: «Шабуылда тактиканы дұрыс пайдаланып, ақылды ойын көрсетуге ұмтыламыз»

Владимир Вайсс: «Шабуылда тактиканы дұрыс пайдаланып, ақылды ойын көрсетуге ұмтыламыз»

05 қыркүйек 2018, 23:18
Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді:

- Грузия ойыншыларының жағдайы қалай?

- Құрам туралы ештеңе айтпаймын. Қай футболшының қай позиция да ойнайтыны толық анық емес. Бүгінгі жаттығудан кейін бастапқы құрам нақты анықталады. Барлық тактикалық тапсырмаларды орындауға дайын, жарақаты жоқ футболшылар алаңға шығады.

- Владимир, Қазақстанға қайта оралғаннан қандай әсер алдыңыз? Оның үстіне Станимир Стоилов командасымен қайта жолығасыз?

- Мен Грузия құрамасының бапкері, яғни қарсылас ретінде келдім. Ертең тек өзімнің командам туралы ойлаймын. Стилов – үздік бапкерлердің бірі. Қазақстанда үлкен жетістерге жетті. Бір жағынан екеуміз доспыз, екінші жағынан – қарсыласпыз.

- «Қайратты» жаттықтырған кезеңнен бері Қазақстан құрамсы қалай өзгерді?

- Мен керемет клубты жаттықтыруғаныма қуаныштымын. Стоилов дұрыс қадамдар жасап, команданы жақсы жағына өзгертті. Топта жеңіске жетуді көздейтін, бәсекелестікке төтеп бере алатын команданы жасақтап шығарды. Қазақстан құрамасының ойыны «Астана» үлгісіне ұқсас болуы ықтимал.

- «Астана Арена» стадионының жасанды алаңы туралы не айтасыз?

- Газонның жағдайы жақсы. Ешқандай наразылығым жоқ. Қос құрама да жақсы ойын көрсетеді деп ойлаймын.

Бөлісу
Жоғары