Қыздар арасында республикалық «Coca-Cola Былғары доп» чемпионаты өтті
Финалдық ойында Шымкенттік №7 (ОРБЖМСМ) командасы Көкшетаулық «Оқжетпес» (БЖСМ) командасы кездесті. Шымкенттік футболшылар 8-0 есебімен аяқталды. Үшінші орын Тараз қаласының №5 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің (ОМБЖСМ) командасына бұйырды.
Сондай-ақ ақтық сынның әр шептегі үздік ойыншылары анықталды:
Үздік қақпашы – Хохлова Анастасия
Үздік қорғаушы – Прохорова Валерия
Үздік жартылай қорғаушы – Талдыкина Маргарита
Үздік шабуылшы – Елубаева Сабина
Ең көп гол соққан ойыншы – Алмасқызы Жасмина
Ең үздік ойыншы – Жұмағали Әсел
«Мен әр түрлі спорт түрлерімен айналыстым, алайда, футбол маған барлығынан көп ұнады. Менің арманым – халықаралық чемпионатқа қатысу. Мен «Coca-Cola» компаниясына бізге ұсынылған осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын», - дейді Әсел Жұмағали.
«Чемпионат жас спортшыларға салауатты өмір салтының пайдасын көрсетіп, спорттық рухты көтеретін жарыс. Чемпионат барысында балалар бір-бірімен тез тіл табысып, өзіне деген сенімділігінің арта түскені айтарлықтай көзге түседі. Жылдан жылға біз балалар үшін мерекелік көңіл күй сыйлап, футбол мерекесін ұйымдастыруға тырысамыз. «Coca-Cola Былғары Доп» 10 жылдық тарихының ішінде ең ауқымды спорттық шараға айналғаны қуантады. Өзім финалдық ойындардан керемет әсер алдым. Әлеуметтік бастаманың бүгінгі жетістігі - ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Футбол федерациясы, «Coca-Cola» компаниясы, «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесі деп білеміз», - деп мәлімдеді «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясының Коммуникация және билікпен байланыс жөніндегі директоры Алима Исембаева.