«Қайрат» пен «Ақтөбе» Чемпиондар Лигасын жеңіспен бастады

«Қайрат» пен «Ақтөбе» Чемпиондар Лигасын жеңіспен бастады

04 қазан 2018, 10:26
Қазақстандық клубтар футзалдан Чемпиондар лигасының алғашқы ойындарында жеңіске жетті.

Алғашқы ойында алматылық «Қайрат» еш қиындықсыз косоволық «Феникс» командасын ұтты. Есеп – 7:3. Қазақстандық команданың қатарында Ранжел, Джон, Эдсон бір-бірден көзге түссе, Тайнан төрт допты қақпа торына дарытты. «Қайраттың» келесі қарсыласы – португалиялық «Спортинг». Ойын 4 қазан күні өтеді.

«Феникс» (Косово) - АФК «Қайрат» (Қазақстан) - 3:7

Голдар: Джонатан 9, Мейзини 20, Драган Петрович 35 - Ранжел 5, Тайнан 11, 16, 24, 40, Джон 12, Эдсон 14

03.10.2018. Приштина, Спорт сарайы.

«Ақтөбе» де үш ұпайды оңай олжалады. Грузияның ТМС командасымен жолығып, 6:2 есебімен басым түсті. Ақтөбеліктердің қатарында Эрик, Серый, Иманалин, Төреғазин бір-бірден гол соқса, Валенко дубль авторы атанды. Келесі қарсылас – финдік «Кампуксен Динамо». Ойын 4 қазан күні өтеді.

МФК «Ақтөбе» (Қазақстан) - ТМС (Грузия) - 6:2

Голдар: Эрик 1, Евгений Серый 2, Евгений Валенко 7, 32, Қайрат Иманалин 10, Ринат Төреғазин 34 - Вахтанг Кекелия 22, Георгий Курдадзе 36.

03.10.2018. Макарска. «Градски Спортски центр».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары