Қазақстан футбол федерациясының ресми хабарламасы

Қазақстан футбол федерациясының ресми хабарламасы

20 қазан 2018, 13:48
Бұқаралық ақпарат құралдарында «Ертіс» (Павлодар) футбол клубының футбол орталығында болған жағдайға байланысты жас футболшылардың ата-аналары қоғам тарапынан араша сұрағаны туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстан футбол федерациясы еліміздің барлық футбол орталықтарында ақылы жаттығу жүйесін енгізуге жол берілмейтіні жөнінде ресми түрде хабарлайды. Қазақстан футбол федерациясының Балалар және жасөспірімдер футбол департаментінің директоры Игорь Утробин басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Дүйсенбі, 22 қазан күні арнайы жұмыс тобы Павлодар қаласына барып, болған оқиғаның жағдайын анықтайды.

Қазақстан футбол федерациясы тексеру қорытындысын ресми сайтында жариялайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары