Дания төрешілері Қазақстан мен Латвия матчында қызмет атқарады
14 қараша 2018, 12:15
Матчтың бас төрешісі - Йенс Мое. Оның көмекшілері – Ларс Хуммельгор және Хейне Серенсен.
Қақпа артындағы төрешілер - Йорген Бурхардт және Мортен Крог.
Қосалқы арбитр - Еспер Даль.
Йенс Мое бұған дейін «Астана» футбол клубының 2017/2018 жылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасы аясында сырт алаңда польшалық «Легиямен» өткен ойыны мен «Қайрат» футбол клубының 2017/2018 жылғы маусымда Еуропа Лигасының аясында сырт алаңда албаниялық «Скендербеу» командасымен өткен кездесуде қызмет атқарған болатын.
Қазақстан - Латвия ойыны 15 қараша күні 21:00-де басталады. Тікелей көрсетілімді «QazSport» телеарнасы ұсынады.
Жаңалықтар
13 қар., 11:16
12 қар., 17:23
12 қар., 09:46
09 қар., 16:44