19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне қатысады

13 қараша 2018, 10:57
Қазақстан жасөспірімдері 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын ертең, 14 қараша күні алғашқы ойынын Сербиямен өткізеді.

Қазақстан құрамасының қарсыластарының қатарында Польша және Солтүстік Ирландия бар. Ойындар Солтүстік Ирландияның Дангэннон және Портадаун қалаларында өтеді.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов іріктеу турниріне 20 футболшыны шақырды. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты негізгі құрамның ойыншылары Совет Сағи, Дінмұхамед Қараман, Әділжан Дүйсембаев, Дмитрий Савченко және Вячеслав Швырев көмектесе алмайды. 

Ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт (екеуі де - «Қайрат»), Владислав Саенко («Астана»).

Қорғаушылар: Жантөре Жұмаділов, Әлім Ілиясов (екеуі де - «Астана»), Дінмұхамед Қашкен («Жетісу»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Дамир Битүсіпов, Иван Сизов (екеуі де - «Қайрат»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Арман Кеңесов («Ертіс»), Сұлтан Сағнаев, Жасұлан Қайыркенов, Руслан Махан (барлығы - «Астана»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Дмитрий Бачек («Шахтер»).

Шабуылшылар: Мәди Жақыпбаев, Лев Скворцов (екеуі де - «Астана»)

 

2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің ойын кестесі:

9-топ

14 қараша

Сербия U-19 – Қазақстан U-19

Солтүстік Ирландия U-19 – Польша U-19

17 қараша

Польша U-19 - Қазақстан U-19

Сербия U-19 – Солтүстік Ирландия U-19

20 қараша

Қазақстан U-19 - Солтүстік Ирландия U-19

Польша U-19 - Сербия U-19

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары