Қазақстан әйелдер құрамасы БАЭ құрамасын ұтты

Қазақстан әйелдер құрамасы БАЭ құрамасын ұтты

22 қараша 2018, 10:40
Қазақстан әйелдер құрамасы Дубайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Біріккен Араб Әмірлігі құрамасын 1:0 есебімен жеңді.

Ойындағы шешуші гол кездесудің 78-минутында соғылды. Жартылай қорғаушы Камила Құлмағамбетова допты оң қапталға ауыстырған еді. Ол жақта екінші таймда ойынға қосылған қорғаушы Мария Демидова бірден Аида Гайстеноваға допты жеткізді. Ресейлік «Енисей» командасында ойнайтын Аида Гайстенова ұрымтал тұстан мүлт кетпей, жеңіс голын соқты. Бұл - Аида Гайстенованың ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы. 

Айта кетейік,  Рәзия Нүркенованың командасы 11 қарашадан бері Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл ойын шілде айында ұлттық құрама тізгінін ұстаған бас бапкердің алғашқы жеңісі болды.

БАӘ - Қазақстан - 0:1 (0:0)

Гол: Гайстенова 78

Қазақстан құрамасы: Железняк (Сандалова 46), Қожахмет (Демидова 60), Нұрышева, Мясникова, Бабшук (Власова 82), Гайстенова, Жұмабайқызы (Бортникова 90), Құлмағамбетова, Тұрлыбекова (Вылданова 70), Қырғызбаева, Орынбасарова (Кәрібаева 37).

21.11.2018. Дубай, БАЭ.

Бөлісу
Жоғары