19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Испания, Исландия және Грекиямен ойнайды

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Испания, Исландия және Грекиямен ойнайды

23 қараша 2018, 17:40
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2019/20 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы жетінші топтағы түсті. Бұл топқа орналасқандардың арасында Испания, Грекия және Исландия құрамалары бар.

Іріктеу турнирін қабылдайтын ел мен өтетін уақыты кейін анықталады.

Турнир ережесіне сәйкес, іріктеу кезеңінен элиталық кезеңге алғашқы екі үздік команда өтеді. Сонымен қатар, үшінші орын алған төрт үздік құрама (бірінші және екінші командамен өткізген ойындарының нәтижесіне байланысты) жолдама алады. Элиталық кезеңнің жеребесі 2019 жылдың 22 қарашасында тартылады. Ойындары 2020 жылдың көктеміне жоспарланған.

Финалдық кезеңге элиталық кезеңнің жеті жеңімпазы шығады. Шешуші кезең 2020 жылдың жазында Грузияда өтеді. Грузия футболшылары алаң қожайындары ретінде тікелей жолдама алды.

Бөлісу
Жоғары