«Ақтөбе» - футзалдан 2018 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!

«Ақтөбе» - футзалдан 2018 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!

21 желтоқсан 2018, 15:04
Финалда ақтөбелік ұжым Рудный қаласының «Аят» командасынан басым түсті.

Футзалдан Қазақстан Кубогының үшінші орын үшін өткен ойында «Қайрат» пен «Жетісу» жолықты. Бұл ойында алматылық ұжым мықтылық танытты.

Үшінші орын үшін өткен ойын

«Жетісу» – «Қайрат» - 2:4 (0:2)

Голдар: Пиялы 30, Эвертон 31 – Тайеби 3, 33, Джон Леннон 7, Сүлейменов 24

 

Шешуші ойында «Ақтөбе» мен «Аят» тартысқа түсті. Украиналық легионер Евгений Серый соққан қос доп ақтөбеліктерге жеңіс әкелді. Рудныйлықтардың сапында бразилиялық Хебберт де Хесус көзге түсті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. «Ақтөбе» - футзалдан 2018 жылғы Қазақстан Кубогының иегері!

 

Финал

 

«Ақтөбе» - «Аят» - 2:1 (1:0)

Голдар: Евгений Серый 12, 30 - Хебберт де Хесус 37.

Бөлісу
Жоғары