Астанада балалар арасында «Amanat Cup» турнирі аяқталды
Жарысқа қатысқан 12 команда 2 топқа бөлінді. «А» тобында елордалық «Аманат 1», «Динамо», ДЮСШОР №8, «Сайран», «Мұнайшы» (Жаңаөзен) және Астрахань ДЮСШ (Ақмола облысы) сынға түсті. «Б» тобының қатарын «Аманат 2», «Жас Қайрат», «San-Siro» және «Prosport Qosshy» (барлығы - Астана), қарағандылық «Тұлпар» және павлодарлық «Қуат» толықтырды.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жартылай финал жұптары анықталды. Алғашқы жартылай финалда «Тұлпар» мен «Аманат 1» кездесіп, қарағандылықтар ойынның соңына қарай жеңіске жетіп, финалға өтті. Екінші жартылай финалда «Динамо» мен «Мұнайшы» жолығып, елордалық ұжым шешуші сынның жолдамасына ие болды.
Үшінші орын үшін таласта «Аманат 1» футболшылары «Мұнайшыдан» басым түсті. Финалда «Динамо» футболшыларын жеңген қарағандылық «Тұлпар» екінші жыл қатарынан турнир жеңімпазы атанды.
Жас ойыншыларды марапаттау рәсіміне Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерінің кеңесшісі Қайрат Нұрдәулетов қатысты.
«Amanat Cup» турнирінің қорытындысы:
1. «Тұлпар»
2. «Динамо»
3. «Аманат-1»
4. «Мұнайшы»
Турнирдің үздік ойыншылары:
Үздік қақпашы - Данил Рудик («Аманат-1»)
Үздік қорғаушы - Әбдірахман Өтегенұлы («Мұнайшы»)
Үздік ойыншы - Диас Қадырбек («Динамо»)
Үздік ойыншы - Георгий Калачев («Тұлпар»), 17 доп
Ең шебер ойыншы – Қайыржан Сахнұров («Аманат-2»)