«Болашаққа пас - 2019» турнирі өтті

«Болашаққа пас - 2019» турнирі өтті

11 қаңтар 2019, 18:02
Астана қаласындағы «Алатау» спорт кешенінде  «Болашаққа пас - 2019» турнирі өтті. Жарысты ұйымдастырушы - «Pro Football Astana» футбол академиясы.

Турнирге Шымкент, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Орал және Астана қалаларынан бес жас ерекшелігі бойынша 34 команда қатысты.

Турнир жеңімпаздары:

2011/12  - «Pro Football Astana»

2009/10 - «Pro Football Astana»

2007/08 - «Намыс» ФК

2005/06 - «Pro Football Kostanay»

2003/04 - «Pro Football Karaganda».

Жарыс келесі жылы да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылар 2020 жылға қарай еліміздің барлық өңірінен командаларды жинауды көздеп отыр. «Pro Football» академиясының филиалдары еліміздің 8 қаласында орналасқан. Оларда 1500 бала жаттығады. Академияның тағы бір мақсаты – еліміздің моноқалаларында филиалдарын ашу арқылы елімізде балалар футболын дамыту.

Бөлісу
Жоғары