Москаленко мен Нұрдәулетов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады

Москаленко мен Нұрдәулетов Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады

28 қаңтар 2019, 11:49
42 жастағы Александр Москаленко 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

Александр Москаленко «Болат» (Теміртау), «Восток» (Өскемен), «Жеңіс» (Астана), «Алма-Ата» (Алматы) және «Қайсар» (Қызылорда) клубтарында ойнады. Бапкерлік мансабын 2011 жылы «Болат АМТ» командасында бастады. Теміртаулық ұжымда төрт жыл еңбек атқарғаннан кейін «Қайсардың» бас командасының жаттықтырушылар штабына енді. 2018 жылы «Екібастұзды» жаттықтырды. Сол жылдың наурызында елордалық «Астана» командасының жаттықтырушылар штабын толықтырды.

Оның көмекшісі болып соңғы жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарған Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды.  

Қайрат Нұрдәулетов ұлттық құраманың капитаны болды. Оның қатарында 35 матч өткізіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар, Алматы футболының түлегі  ЦСКА-Қайрат (Алматы), «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Тобыл» (Қостанай), «Астана» және «Қайсар» (Қызылорда) футбол клубтарында ойнады.

Бөлісу
Жоғары