Михал Билек: «Жанкүйерлерге әрқашан жеңіс сыйлағымыз келеді»

Михал Билек: «Жанкүйерлерге әрқашан жеңіс сыйлағымыз келеді»

23 наурыз 2019, 20:52
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Қазақстан-Ресей матчының алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Темірлан Ерлановтың денсаулығы қалай?

- Соңғы ойыннан кейін жеке жаттығуға кірісті. Бүгін денсаулығын тағы да бақылаймыз.

- Бельгия мен Ресей арасындағы ойыннан ертеңгі қарсыласыңыз туралы көп ақпаратты түртіп алған шығарсыз? Ресейдің шабуылшыларына қарсы қалай ойнайсыз?

- Бельгия әлемдік рейтингте көш бастап келе жатқан команда. Ресейге де алғашқы ойын қиынға түсті. Ресей құрамасының Ұлттар Лигасындағы ойынын зерделеп шықтық. Орталық алаңдағы негізгі футболшылары алаңға шықпайтынын білеміз. Мүмкіндік алған қалған футболшылар өздерін көрсетуге ұмтылатыны анық. Ресей соңғы Әлем Чемпионатында керемет нәтиже көрсетті. Біз үшін қиын қарсыластардың бірі.

- Шотландиямен ойынға арнайы жүйе құрылғанын айтқан едіңіз. Келесі кездесуде оң нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу керек?

- Жанкүйерлерге әрқашан жеңіс сыйлағымыз келеді. Қолымыздан келеді деп ойлаймын. Тырысамыз. Ұйымшылдық пен тәртіптің арқасында жинақы ойын көрсеткіміз келеді. Қарсыласты бағалаймыз. Олардың мүмкіндіктерін білеміз. Алғашқы ойынды жақсы өткіздік. Көңіл-күйіміз жақсы.

- Михал, Қазақстан құрамасының тізгінінде алғашқы ресми ойында жеңіске жеттіңіз. Құттықтаймыз! 2012 жылы Еуропа Чемпионатына Ресейге есе жіберген едіңіз. Алайда, плей-офф кезеңіне шыға алдыңыз. Ертеңгі ойын Сіз үшін қаншалықты маңызды?

- Сол жеңілісті ұмытқан жоқпын. Ресей құрамасы шабуылда өте жылдам болған еді. Ертеңгі кездесуде оң нәтиже көрсеткіміз келеді. Футболшыларда баса назар аударып отыр.

- Қазақстанға келгеніңізге екі ай болды. Ел футболы туралы не айтасыз?

- Жақсы командаға келдік. Бұл жерде «Астананың», «Ордабасының» немесе «Қайраттың» ойыншылары жоқ. Бір ғана команда – Қазақстан құрамасы бар. Футболшылардың ойыны жақсы. Молдовамен ойында көптеген жаңа ойыншыларды қарадық.

- Юрий Логвиненко ертеңгі ойынға дайын ба?

-Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турындағы ойында Логвиненко жарақат алып қалған еді. Бізбен бірге жеке жаттығу жүргізді. Кеше ортақ жаттығуға қосылды. Бүгінгі жаттығудан кейін ойынға дайындығын қарайтын боламыз.  

- Дмитрий Шомко қалай?

- Дмитрий Шомко – жақсы футболшы. Оның ең мықты қабілеттерін білеміз. Алғашқы ойында Ғафуржан Сүйімбаев мүмкіндік алды. Әрі қарай көреміз.  .

- Қазақстан құрамасының іріктеудегі алға қойған міндеттері туралы көбірек білгіміз келеді...

- Ресеймен ойынға дайындық жүріп жатыр. Біздің футболшылар бұл елдің футболшыларына қарсы қалай ойнау керек екенін біледі. Үш ұпай алу үшін екі команда да алға ұмтылатыны анық. Жанкүйерлерге үлкен алғыс айтқым келеді. Барлықтарыңызды ертең стадионда күтеміз. Тағы да бір жеңіске жеткіміз келеді.

Бөлісу
Жоғары