Қазақстан жастар құрамасы «Antalya Cup 2019» халықаралық турниріне қатысты

Қазақстан жастар құрамасы «Antalya Cup 2019» халықаралық турниріне қатысты

28 наурыз 2019, 14:43
«Antalya Cup 2019» халықаралық турнирі 21-26 наурыз аралығында Түркияда өтті.

Александр Москаленко шәкірттері турнирде үші ойын өткізді. Алғашқы кездесуде Латвия жастарымен тең түссе, екінші ойында Эстонияға есе жіберді. Шешуші ойында біздің футболшылар Украина жастарымен жолықты. Бұл ойында қарсыластар 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан U-21 құрамасының ойын нәтижелері:

Қазақстан U-21 - Латвия U-21 - 1:1 (0:1)

Голдар: С. Тұрсынбай 57 - Балодис 3


Қазақстан U-21 - Эстония U-21 - 1:2 (0:0)

Голдар: Кусяпов 47 - Ульянов 77, Каск 85


Украина U-21 - Қазақстан U-21 - 2:0 (1:0)

Голдар: Русин, 11, Леднев, 64 

 

Қазақстан құрамасының турнирге қатысқан құрамы:

Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»).

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Талғат Кусяпов, Лев Скворцов (екеуі де - «Астана»), Сағадат Тұрсынбай («Ертіс»), Дінмұхаммед Қашкен («Касабланка», Испания).

Жартылай қорғаушылар: Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Владислав Прокопенко («Астана»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Бекзат Құрманбекұлы («Қайсар»), Наурызбек Жагоров («Ақжайық»), Жан-Әли Пайруз, Дмитрий Бачек (екеуі де - «Шахтер»).

Шабуылшылар: Жандос Сұлтан («Каспий»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Артур Шушеначев, Марлен Айманов (екеуі де - «Қайрат А»).

Резерв: қақпашылар – Данил Подымский («Астана»), Илья Сотник («Ертіс»), Данил Устименко («Қайрат»), қорғаушы – Артем Попов («Ертіс»), жартылай қорғаушылар – Сұлтан Сағнаев («Астана»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Сұлтанбек Астанов, Мұхит Жақсылық, Максим Ваганов (барлығы - «Ордабасы»), Евгений Мосин («Екібастұз»), шабуылшылар – Өркен Махан («Қайсар»), Ержан Ибрагимов («Ақжайық»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Москаленко – аға жаттықтырушы, Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Александр Кузнецов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Даниил Рихард – қақпашылардың жаттықтырушысы, Петр Пустовар – дәрігер, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Александр Шапкин – массажист, Владимир Горячий – бейнеоператор, Дінмұхамед Оралов – менеджер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары