Blind Football жобасы таныстырылды

Blind Football жобасы таныстырылды

11 сәуір 2019, 09:57
Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде ішінара немесе толықтай көру қабілетсіздігінен зардап шеккен адамдарға арналған футболды дамыту жоспарын таныстыру рәсімі өтті. 

Жиынға Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлері мен Премьер-лига клубтарының өкілдері қатысты. «Қайрат» футбол клубында Blind Football жобасын қолға алған аға жаттықтырушы әрі үйлестіруші Шыңғыс Темірханов алдағы мақсаттарымен бөлісіп, футболдың ережесіне тоқталды. Сонымен қатар, жобаның Қазақстанда дамыту жолына қатысты ойларын жеткізді.

Әлемдік футбол қауымдастығына ақырындап еніп келе жатқан Blind Football ішінара немесе толықтай көру қабілетсіздігінен зардап шеккен адамдарға арналған турнир нұсқасы ретінде анықталады. Жақында Blind Football-дан сайыстар Жазғы Паралимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енді. 

«Қайрат» кәсіби футбол клубы халықаралық әлеуметтік жобаны Қазақстанда бірінші болып бейімдеуге кірісті. Мұндай бағдарлама еліміздің басқа клубтарында, тіпті, Орта Азиядағы көршілерімізде де жоқ.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары