Азамат Айтқожин: «Кінәлі тұлғаларға шара қолданылады»
- Бүгін Премьер-лиганың алтыншы турында бірқатар негізгі ойындар өтті. Кездесудің тағдырына әсер еткен төрешілер қызметінің деңгейіне көңілім толмайды. Мәселен, «Тобыл» мен «Жетісу» арасындағы ойын. Төрешілер тарапынан қателіктер болды. Төрешілер комитеті мен Әділ ойын қағидаларын сақтау комитетінің мүшелеріне Қостанайда өткен матчты мұқият саралап, кінәлі тұлғаларға шара қолдануға шақырамын. Өткен маусымда бірқатар төрешілер чемпионаттың ойындарына қойылатын талапты түсіргені үшін шеттетілген болатын.
Маусым басында Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков төрешілер кездескен еді. Жаңа маусымда барлық жарыс деңгейінде спортқа жат әрекеттерді анықтап, әрі қарай жол бермеу үшін бақылау жұмыстары күшейтілгенін еске саламын, - деді Азамат Айтқожин.