Тәлімгер-нұсқаушыларға арналған семинардың алғашқы модулі өтті

Тәлімгер-нұсқаушыларға арналған семинардың алғашқы модулі өтті

23 сәуір 2019, 17:49
22 сәуір күні Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы тәлімгер-нұсқаушыларға арналған семинардың алғашқы модулін өткізді. 

Семинарға 12 тәлімгер-нұсқаушы іріктеліп алынды. Олардың қатарына жұмыс тәжірибесі мол танымал отандық мамандар енді. Сонымен қатар, шараға аймақтағы бапкерлер  Владимир Никитенко, Эдуард Глазунов, Александр Шатских және Евгений Свешников, Қазақстан футбол федерациясының  Құрама командалар департаментінің директоры Иван Азовский мен 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Игорь Свечников қатысты. 

Қатысушылардың алдында Қазақстан футбол федерациясының Техникалық директоры Геннадий Скуртул дәріс оқыды. Білім беру бағдарламасы теория мен тәжірибеден құралды. 

Бөлісу
Жоғары