Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойында есе жіберді

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойында есе жіберді

30 сәуір 2019, 23:05
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму Кубогының алғашқы ойынында жарыс иелері Беларусь құрамасымен кездесті.

Алғашқы ойында біздің футболшылар 0:2 есебімен жеңілді. Беларусь құрамасының қатарында Арсений Галушко мен Юлий Кузнецов гол соқты.

 

Беларусь U-17 - Қазақстан U-17 - 2:0 (2:0)

Голдар: Арсений Галушко 14 - пенальти, Юлий Кузнецов 35.

Ескерту: Артем Бруй 43, Иван Зеньков 60

Беларусь U-17: Андрей Кудравец (Қ), Егор Пархоменко, Артем Бруй (Владислав Беляев 66), Виталий Урбанович (Роман Марчук 66), Арсений Галушко (Максим Белобровик 57), Юлий Кузнецов, Илья Москаленчик (Егор Карпицкий 71), Кирилл Зинович (К) (Федор Лебедев 66), Федор Юркевич (Валентин Дихтиевский 41), Дмитрий Нижник (Иван Зеньков 57), Егор Шедько (Максим Кунский 57).

Резерв: Андрей Игнатевич (Қ)

Бапкер - Андрей Скоробогатько 

Қазақстан U-17: Никита Пивкин (Қ), Александр Широбоков, Арсен Азатов (Сүлейман Абилов 71), Егор Ткаченко (К), Жаннұр Көкеев (Данил Сомов 35), Кирилл Лавренюк (Абзал Қалау 41), Ғалымжан Кенжебек (Нұргелді Төлеуханов 57), Шыңғыс Дихан, Руслан Ташметов (Әлішер Рахымжанов 41), Аслан Кеңес (Диас Кұшқынбаев 35), Әсет Кончиев (Роман Чирков 71)

Резерв: Темірлан Анарбеков (Қ), Асқар Сатышев, Нұртас Иманғалиев

Бапкер - Алмас Құлшынбаев

30.04.2019. Минск, Беларусь

 

Алмас Құлшынбаев командасы келесі ойынын 2 мамыр күні Молдова құрамасымен өткізеді. 

Бөлісу
Жоғары