Черногория жастар құрамасының Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшыларының тізімі

Черногория жастар құрамасының Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшыларының тізімі

27 мамыр 2019, 12:43
Черногория U-21 құрамасының бапкері Миодраг Вукотич Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың есімдерін жариялады.

Вукотич Грузия және Қазақстанмен өтетін ойынға 27 футболшыны шақырды:

Қақпашылар: Лазар Царевич («Барселона», Испания), Филип Джукич («Видовре», Дания), Балша Попович («Грбаль»); 

Қорғаушылар: Стефан Милич («Будучност»),  Лука Малешевич, Милош Дринчич (екеуі де - «Искра»), Янник Филипович («Кайзерслаутерн», Германия), Балша Банович («Титоград»), Доменико Шкрелия (Сент-Джозеф университеті, АҚШ), Богдан Расо («Арсенал Тиват» ), Андрия Ражнатович («Рудар»), Марко Мердович («Грбаль»); 

Жартылай қорғаушылар: Огнен Стижепович («Сампдория», Италия), Владан Бубанья, Милутин Осмайич (екеуі де - «Сутьеска»), Илия Вукотич («Бенфика», Португалия), Данило Маркович («Рудар»), Марко Миличкович («Титоград»), Срджан Крстович («Зета»), Алия Крнич («Явор», Сербия), Лазарь Вучичевич, Анджелко Йованович («Младост Льешкополье»); 

Шабуылшылар: Балша Секулич («Титоград»), Никола Крстович («Зета»), Мерис Скендерович («Хартберг», Австрия), Владан Кордич («Грбаль»), Сергей Грубац («Кьево», Италия).

 

Черногория жастар құрамасы 5 маусым күні Грузиямен жолдастық матч өткізеді. Ал, 11 маусым күні Подгорица қаласында 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан жастар құрамасын қабылдайды. 

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары