Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті талапкерлерді қабылдайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті талапкерлерді қабылдайды

28 маусым 2019, 09:54
Қазақстан футбол федерациясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті бірігіп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Футбол жаттықтырушысы» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдай бастады.

«Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасында «Футбол жаттықтырушысы» мамандығы әзірленді - «6В01408 – Дене шынықтыру және спорт».

Ниет білдірушілер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады:

Қалалық нөмір: 8 (7172) 709-500 (вн.35112, 35113)

Ұялы нөмір: 8 (701) 165-38-16 (жұмыс уақытында хабарласу керек: 10.00 - 18.00).

Бөлісу
Жоғары