Құрметті футбол жанкүйерлері

Құрметті футбол жанкүйерлері

11 маусым 2019, 14:39
Бүгін, 11 маусым күні 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан футболшылары Сан-Марино құрамасымен ойнайды.

Қазақстан футбол федерациясы барша отандастарды ұлттық құрамаға қолдау көрсетуге шақырады. Футбол мерекесін бірге атап өту үшін жанкүйерлерден стадионға ерте жиналуын сұраймыз. Бүгінгі ойында «Астана Арена» стадионы лық толы болады деп үміттенеміз.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойын 11 маусым күні елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Футбол матчтарының қарсаңында «Sport Shuttle Bus» спорттық іс-шараларға қызмет көрсетудің жаңа жүйесін іске қосылады. Автобустар кесте бойынша жүретін болады.

Қоғамдық көлік жолаушылары мен автомобиль жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін, автобустардың жөнелу уақыты, аялдамалары, сондай-ақ ұстап қалатын тұрақтарға арналған орындары брошюрада көрсетілген.

Толығырақ ақпарат

Бөлісу
Жоғары