Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысады

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысады

18 шілде 2019, 10:40
Еуропа елдері қатысатын іріктеу ойындары 19-27 шілде аралығында Мәскеуде (Ресей) өтеді.

Іріктеу кезеңіне 20 команда қатысады. Олар 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Парагвайда өтетін Әлем чемпионатына берілетін бес жолдамаға таласады. 

Қазақстан құрамасы «C» тобында Италия, Польша және Чехиямен ойнайды. 

 

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

19.07.2019. Казахстан – Италия

20.07.2019. Польша – Казахстан

22.07.2019. Чехия – Казахстан

 

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Виктор Чорный, Всеволод Гаврилов;

Ойыншылар: Станислав Макагон, Асқар Әжікенов, Роман Богданов, Игорь Демешко, Баянбек Муралинов, Владимир Ковган, Тимур Ершин, Дмитрий Перевертов, Абылай Ералы.  

Бас бапкер: Ерлан Жамантаев

Бөлісу
Жоғары