Атыраудың балалары «Tallinn Cup-2019» турниріне қатысты

Атыраудың балалары «Tallinn Cup-2019» турниріне қатысты

11 шілде 2019, 15:13
27-30 маусым аралығында Эстония астанасында бес жас ерекшелігі бойынша халықаралық балалар турнирі өтіп, Швеция, Франция, Испания, Чехия, Финляндия, Россия, Қазақстан, Латвия, Литва және Эстония елдерінің командалары қатысты.

Қазақстаннан Атырау қаласының «Real Sport» командасы қатысып, екі жарыс ерекшелігі бойынша сынға түсті: 2008 және 2010 жылғы жасөспірімдер. 

Турнир Elite Cup және Simple Cup жарыстарынан тұрды. Алғашқы екі орын алған команда Elite Cup жарысына қатысса, қалған командалар Simple Cup жарысынла бақ сынады. «Real Sport» академиясының екі командасы да Simple Cup бәсекесіне қатысып, үшінші орыннан көрінді. 

Бөлісу
Жоғары